Екі адам қаза тапты: Маңғыстау облысында қайғылы жағдай болды (ВИДЕО)
Үш адам ауруханаға жеткізілді
Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар Бейнеу-Ақтау тасжолында екі адам қаза тапты, үш жолаушы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды облыстық Полиция департаменті.
ПД-ның мәліметінше, оқиға 9 қазан күні, сағат 11:50-де болды. Бейнеу ауылынан келе жатқан АГП-20T 3813Н гидравликалық жүк көлігі солға бұрылу кезінде Toyota Camry көлігімен соқтығысқан.
Жол апатынан Toyota Camry көлігінің 2 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал 3 жолаушы ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелді, – делінген хабарламада.