Halyq Uni логотип
×

МКК қазақстандықтарды сақ болуға шақырды

Салықтық хабарлама тек 3 әдіспен жіберіледі

 Дәурен Ерболат 10.10.2023 | 17:35
МКК қазақстандықтарды сақ болуға шақырды
Фото: latinsoft.lv

Мемлекеттік кірістер комитеті тұрғындардың электронды поштасына SPAM келіп жатқанын ескертіп, сақ болуға шақырды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

МКК салық төлеушілердің электронды поштасына камералдық бақылау нәтижесі бойынша салық органдары анықтаған заңбұзушылықтарды жою туралы хабарлама жиі түсіп жатқанын атап өтіп, жағдайға түсінік берді.

Салық заңнамасына сәйкес, мемлекеттік кірістер органдарының хабарламалары салық төлеушіге (салық агентіне) төмендегі тәсілдермен жіберілуі мүмкін:

  • Пошта арқылы тапсырыс хатпен;
  • Веб-қосымшаға және (немесе) арнайы мобильді қосымшаға электрондық тәсілмен;
  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы.

Хабарламаларды жіберудің басқа жолдары қарастырылмаған. Осыған байланысты осындай ақпарат алғанда сақ болуға шақырамыз. Құрметті салық төлеушілер! Тек ресми ақпарат көздеріне сенуді және жүгінуді сұраймыз! - деп жазылған МКК таратқан хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама