Абай облысында зейнеткерді мазақ еткен жасөспірімдер ұсталды
Бетперде киген бірнеше жасөспірім есікті сындырған
Абай облысының полицейлері зейнеткерді мазақ еткен жасөспірімдерді ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бетперде киген бірнеше жасөспірім есікті сындырып, қарт әйелді мазақ етіп, оның тыныштығын бұзған. Оқиғаға қатысты 3 жасөспірім бұзақыны анықтады.
Жасөспірімдер ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабымен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жасөспірімдер мен олардың ата-аналары Семей қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында тыңдалады. Әрі қарай оларды кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшеге есепке қояды, – делінген полиция хабарламасында.