Halyq Uni логотип
×

«Қар жауады»: 10 қазанға ауа райы болжамы жарияланды

Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде жауын-шашын, түнде еліміздің  солтүстік-батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

 Халық үні 10.10.2023 | 07:38
«Қар жауады»: 10 қазанға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: inform.kz

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 10 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде жауын-шашын, түнде еліміздің  солтүстік-батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Республика бойынша екпінді жел, Қазақстанның батысында көктайғақ, оңтүстік-батысында шаңды дауыл, батыста, солтүстік-батыста, шығыста түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі күтілуде, Жамбыл, Түркістан облыстарында, Қызылорда облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама