Мемлекет басшысы ҰҚШҰ саммитінде баяндама жасайды
Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеу қаласында таңғы серуенінен фото жарияланды.
Фотосурет Мемлекет басшының Instagram-дағы парақшасында tokayev_online парақшасында шықты.
Бүгін Мемлекет басшысы Мәскеу қаласында Ресей президенті Владимир Путиннің және ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, Армения премьер-министрі Никол Пашинянның шақыруымен Ұжымдық қауіпсіздік шартына қол қойылғанына 30 жыл және Ұйымның құрылғанына 20 жыл толуына орай өтетін мерейтойлық саммитке қатысып, баяндама жасайды.
Саммит Кремльде өтеді.
Тоқаев Мәскеуге БАӘ президенті шейх Халифа бен Зайд Әл Нахаянның қайтыс болуына байланысты осы елдің жаңадан сайланған президенті, Абу Дабидің билеушісі шейх Мұхаммед бен Зайд Әл Нахаянға және билеуші әулеттің мүшелері мен Әмірліктер халқына көңіл айту үшін Біріккен Араб Әмірліктерінде болғаннан кейін барды.