Жол апаты салдарынан жеңіл автокөліктің 37 жастағы жүргізушісі мен 3 жолаушысы, сондай-ақ автобуста болған 1 жолаушы оқиға орнында қаза тапты.
Алматы облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам қаза болды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға, бүгін Жамбыл ауданының аумағында Алматы-Бішкек автожолының 43-шақырымында болды. «Хюндай» көлігінің жүргізушісі – 37 жастағы әйел қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, 36 жастағы азамат басқарып келе жатқан автобуспен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан жеңіл автокөліктің 37 жастағы жүргізушісі мен 3 жолаушысы, сондай-ақ автобуста болған 1 жолаушы оқиға орнында қаза тапты.
«Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша Жамбыл ауданы полиция бөлімінде тіркелді. Қазіргі уақытта жол апатының барлық мән-жайын объективті зерттеуге бағытталған сараптама тағайындалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», - делінген полиция мәліметінде.