Halyq Uni логотип
×

Алматы облысында 5 адам қайғылы жағдайда қаза тапты

Жол апаты салдарынан жеңіл автокөліктің 37 жастағы жүргізушісі мен 3 жолаушысы, сондай-ақ автобуста болған 1 жолаушы оқиға орнында қаза тапты.

 Халық үні 10.10.2023 | 06:45
Алматы облысында 5 адам қайғылы жағдайда қаза тапты
фото: zakon.kz

Алматы облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам қаза болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға, бүгін Жамбыл ауданының аумағында Алматы-Бішкек автожолының 43-шақырымында болды. «Хюндай» көлігінің жүргізушісі – 37 жастағы әйел қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, 36 жастағы азамат басқарып келе жатқан автобуспен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан жеңіл автокөліктің 37 жастағы жүргізушісі мен 3 жолаушысы, сондай-ақ автобуста болған 1 жолаушы оқиға орнында қаза тапты.

«Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша Жамбыл ауданы полиция бөлімінде тіркелді. Қазіргі уақытта жол апатының барлық мән-жайын объективті зерттеуге бағытталған сараптама тағайындалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», - делінген полиция мәліметінде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама