Астанада сауда үйінің маңынан қыздың мәйіті табылды

Халық үні

Бос алқаптан зорлық-зомбылық белгілері жоқ мәйіт табылған соң елордалық полиция соталды тергеуді бастады

Фото: polisia.kz

Елордада Astana Mall сауда үйінің маңында бос жерден қыздың мәйіті табылды. Астана полиция департаменті өкілдері бұл ақпаратты растады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Астана полиция департаменті өкілдері елордада қылмыстық ахуал тұрақты екенін айтты. Қоғамдық тәртіпті сақтау және заңсыз әрекеттердің алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері тәулік бойы кезекшілікте.

«Бос алқаптан зорлық-зомбылық белгілері жоқ мәйіт табылған соң елордалық полиция соталды тергеуді бастады. Тергеу-жедел шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Бірқатар сараптамалар тағайындалды», - деп жауап берді полицейлер.