Алдағы үш күнде еліміздің кей өңірінде -5 градус аяз болады
Түнгі және таңертеңгі уақытта тұман, көктайғақ күтіледі
«Қазгидромет» РМК мамандары 10-12 қазанға арналған 3 күндік ауа райы болжамын ұсынды.
Алдағы күндері республиканың көп бөлігінде күн райы тез өзгереді. Жауын-шашын (жаңбыр соңы қарға ұласады) жауып, оңтүстікте күн жаңбырлы болып, жел күшейеді.
Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады.
Батыс өңірлерде ауа температурасы түнде -5 градус аяздан +7 градус жылыға дейін, күндіз +5-18 градус жылыға дейін, солтүстік-батыс, солтүстік және орталықта түнде -5 градус аяздан +5 градус жылыға дейін, күндіз +5-13 градус жылыға дейін төмендейді.