Halyq Uni логотип
×

Президент Ішкі істер министрін қабылдады

Елімізде заңға қайшы контенті бар 16 мың сайт анықталған

 Динара Амантай 09.10.2023 | 14:45
Президент Ішкі істер министрін қабылдады
Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ержан Сәденов еліміз бойынша кісі өлтіру, бұзақылық, ұрлық, қарақшылық, тонау және мал ұрлығына қатысты қылмыстар санының айтарлықтай төмендеуіне ықпал еткен алдын алу шаралары туралы мәлімет берді. Сондай-ақ көшелердегі қауіпсіздік деңгейінің артқанын атап өтті.

Спикер мемлекет басшысына құқықбұзушылықтарға «мүлде төзбеушілік» және жазаның бұлтартпастығы, кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөнінде баяндап, интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде айтты.

Атап айтқанда, жыл басынан бері ауыспалы нөмірлерден шалынған 37 миллион қоңырау бұғатталып, заңға қайшы контенті бар 16 мың сайт анықталған.

Министр нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспардың іске асырылуы туралы ақпарат берді. Оның айтуынша, 31 тоннадан астам есірткі және 79 тонна прекурсор тәркіленіп, 39 есірткі зертханасы жойылған.

Бұған қоса, мемлекет басшысына қылмыстық-атқару жүйесі мен Ұлттық ұлан қызметінің қазіргі жай-күйі туралы айтылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама