×

ХАМАС шабуылынан Израильде 700 адам қаза тапты

Израильдің оңтүстік және орталық аймақтарына 3 мыңға жуық зымыран атылды

 Еркеғали Болатұлы 09.10.2023 | 10:54
фото: astrohunterus.livejournal.com

Палестиналық ХАМАС қозғалысының Израильге жасаған тосын шабуылынан қаза тапқандар саны 700-ге жетті.

Бүгінде Газа секторында да жүздеген адам қаза тапқан. Газадан Израильдің оңтүстік және орталық аймақтарына 3 мыңға жуық зымыран атылды. Елдің Денсаулық сақтау министрлігі Израильде кемінде 2 243 адамның жараланғанын, оның 22-сі ауыр халде екенін хабарлады.

Израиль қорғаныс күштерінің логистикалық қолбасшылығы оңтүстік аймақтардың тұрғындарын үйден шықпауға шақырды.

Еске сала кетсек, Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыс 7 қазанда таңертең басталған еді. Бұл ретте Түрік оппозициясы мен Иран Парламенті бұл әскери қақтығыста Палестинаны қолдап отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама