Азия ойындарының соңғы күні: Қазақстан құрамасы 80 жүлде иеленді
Медаль саны бойынша алғашқы ондыққа ене алмадық
Бүгін таңертең Қытайдың Ханчжоу қаласында жазғы Азия ойындарының жарыстары аяқталды.
Азия ойындарының соңғы күнінде небәрі 2 медаль сарапқа салынды. Синхронды жүзуден Қазақстан құрамасы қола жүлдегер атанса, каратэші Мөлдір Жаңбырбай 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жарыстың финалына шығып, тартысқа толы финалда Қытай Тайбэйінің өкіліне есе жіберді.
Қазақстан құрамасы Азия ойындарында барлығы 80 жүлде (10 алтын, 22 күміс және 48 қола) жеңіп алды. Осылайша, медаль саны бойынша есепте 11-орынға тұрақтады.
Айта кетейік, біздің құрама Азия ойындарына 1994 жылдан бері қатысып келеді.