Израиль мен Палестина соғысы: 600-ден аса адам қаза тауып, 3 мыңнан астамы жараланды
Тель-Авивтегі елшілік қазақстандықтардан қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрады
Израиль билігі Палестинаның шабуылынан қаза тапқандардың саны артып келе жатқанын мәлімдеді. Олардың жоғары дәрежелі әскери адамы қаза тапқан.
Палестиналық ХАМАС ұйымы Израиль түрмелерінен тұтқындарды босататынын мәлімдеді.
Соңғы мәліметтер бойынша, Израильде атыс салдарынан қаза тапқандар саны 300-ге дейін өскен, сондай-ақ 1,5 мың адам зардап шегіп отыр. Бұған дейін Израиль тарапы шабуыл Нахаль бригадасының командирі, 42 жастағы полковник Джонатан Штайнбергтің қаза тапқанын хабарлады. Сондай-ақ Газа секторындағы екі мешітіке шабуыл жасалған.
Палестина тарапының мәліметінше, олардан 350-ден астам адам қаза тапты, 1 750 адам жарақат алған.
Айта кетсек, кеше ХАМАС Израиль территориясына мыңдаған зымырандар ұшырып, содан кейін оның содырлары елге басып кірген. Израиль жауап ретінде «Темір қылыштар» әскери операциясын бастады. Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху елдің соғыс жағдайында екенін атап өтті.
Қазақстанның Тель-Авивтегі елшілігі Израильдегі жағдайға байланысты қазақстандық азаматтарға жүгініп, олардан қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрады. Тұрақсыз жағдайға байланысты Air Astana билет сатуды уақытша тоқтатып тастады.
Қазір Израиль Қарулы Күштері Газа секторында содырлардың шабуылы мен зымырандық соққыларға жауап ретінде дайындыққа көшкен.