Биылдан бастап ұстаздар қауымы әдістеме мен педагогикаға қатысты тестілеуден мүлдем босатылады
Мұғалімдер әдістеме мен тестілеуден мүлдем босатылады Президент «мұғалімдерге қысым көрсетуді тоқтату керек» деп пәрмен бергені сол-ақ екен, бүгін оқу-ағарту министрлігі су жаңа реформаларды қолға алдық деп отыр, деп хабарлады КТК телеарнасы.
Соның бірі — биылдан бастап ұстаздар қауымы әдістеме мен педагогикаға қатысты тестілеуден мүлдем босатылады.
Жауапты сала басшысы Ғани Бейсембаев құр әурешілікті азайтып, мұғалімдердің сапалы білім беруіне мейлінше көңіл бөлеміз дейді. Әсіресе ұстаздарды аттестациялаудан өткізу тәртібі тағы бір пысықталады.
Сондай-ақ біліктілігін арттыру үшін мектеп қабырғасында сабақ беретін мұғалімдер саналы өмірінде жиған-терген сертификат, мадақтама қағаз, дипломдарын көшірмеден өткізіп әуре-сарсаңға түсетін. Қазір барлық құжат электронды форматта сақталатындықтан, бұған дейін талап етілген бұл норма да алынып тасталды.