Колония бастығы олигарх пен экс-генералды матрас жасайтын цехқа орналастыру жоспарда бар екенін айтады
Колония бастығы олигарх пен экс-генералды матрас жасайтын цехқа орналастыру жоспарда бар екенін айтады, деп хабарлайды «Информбюро» жаңалықтар қызметі.
250 адам жазасын өтеп жатқан қауіпсіздігі орташа колонияда 50 адамға ғана жұмыс бар болып шықты. Сондықтан қызметін асыра пайдаланды деп 10 жылға сотталған Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаев пен «Қазақтелеком» ақшасын ұрлады деп 6 жылға бас бостандығынан айырылған Қайрат Сатыбалдыға жұмыс табылмаған.
Осы олқылықтың орнын толтыру үшін жаңа жұмыс орындары ашылмақ.
Айта кетейік, Өскемен қаласындағы бұл түрмеде Қайрат Сатыбалдының жазасын өтеп жатқанына бір жылдан асқан.