Halyq Uni логотип
×

Алматыда бәйгеден Қазақстан чемпионатының финалы өтті

Бүгін Алматы қаласының ипподромында Қазақстан Республикасының «Бәйге Федерациясы» ұйымдастырған Бәйгеден Қазақстан Чемпионаты - OLIMPBET финалы өтті

 Халық үні 07.10.2023 | 22:29
Алматыда бәйгеден Қазақстан чемпионатының финалы өтті
Фото: Бәйге федерациясы

Бүгін Алматы қаласының ипподромында Қазақстан Республикасының «Бәйге Федерациясы» ұйымдастырған Бәйгеден Қазақстан Чемпионаты - OLIMPBET финалы өтті.

Финалға еліміздің бірнеше өңірінен 160 астам тұлпар қатысып, жалпы жүлде қоры 82 500 000 теңгені құрады. Жарыс бәйгенің 7 түрі: құнан бәйге, топ бәйге, аламан бәйге, жорға жарыс, Қазақстанда туылған құнандар бәйгесі, ұлы аламан және екі жасар тұлпарлар арасындағы ұшқыр бәйге бойынша өтті.

Ал Қазақстанның түкпір - түкпірінде өткен іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары осы финалда — құнан бәйге, топ бәйге және аламан бәйгеден сайысқа түсті.

Чемпионатта Федерация амбассадоры — Асылбек Еңсепов пен арнайы шақырылған қонақтар — Медеу Арынбаев пен Әзімбек Байлин секілді жарық жұлдыздар өнер көрсетіп, шабандоздарға қолдау білдірді.

«Ат спорты, оның ішінде бәйге — біздің халқымыздың ежелден келе жатқан дәстүрі. Бәйге біздің қанымызда. Бұл тек спорт түрі ғана емес, ерекше мәдениет пен өнердің, біздің ұлы ата-бабаларымыздың мұрасы. Біздің міндетіміз – ұлттық спортты дамыту және насихаттау»,- деп Республикалық қоғамдық бірлестік «Бәйге Федерациясының» президенті Қанат Көпбаев пікір білдірді.

Жарыс нәтижелеріне келер болсақ:

«Ұшқыр бәйге» 1 600 метр:

1-орын Күрішбек Д. — «Орасан Зор» есімді тұлпары;

2-орын Табылдиев Р. — «Бекзада» есімді тұлпары;

3-орын Алпысбай Р. — «Рианна Скай» есімді тұлпары;

«Құнан бәйге» 11 шақырым:

1-орын Арнат Мұратхан — «Зымыран» есімді тұлпары;

2-орын Ділнұр Нұрмұқаш — «Мамлюк» есімді тұлпары;

3-орын Асланбек Абдықал — «Жезқара» есімді тұлпары;

4-орын Айбат Даниярұлы — «Батыр» есімді тұлпары;

«Жорға жарыс» 9 шақырым:

1-орын Мүслімұлы Мақсат — «Банзай» есімді тұлпары;

2-орын Еркебұлан Берікболатов — «Анашид» есімді тұлпары;

3-орын Рольман Анатолий — «Мырза-торы» есімді тұлпары;

«Қазақстанда туған құнандар бәйгесі» 11 шақырым:

1-орын Арнат Мұратхан — «Жұлдызай» есімді тұлпары;

2-орын Абзал Тұрмыс — «Бейбарыс» есімді тұлпары;

3-орын Айсұлтан Миразат — «Жанетта» есімді тұлпары;

4-орын ​​Қуат Әділқас — «Маржан» есімді тұлпары;

«Топ бәйге» 18 шақырым:

1-орын Абзал Тұрмыс — «Тұмар» есімді тұлпары;

2-орын Нұрали Айтқабыл— «Ақтанау» есімді тұлпары;

3-орын Асылжан Төлеген — «Балхаш» есімді тұлпары;

4-орын Олжас Мейржанұлы — «Нарқасқа» есімді тұлпары;

5-орын Қуанышбек Төлендиев — «Алғабас» есімді тұлпары;

«Аламан бәйге» 25 шақырым:

1-орын Әлішер Тілек — «Секрет» есімді тұлпары;

2-орын Амирхан Торебеков — «Студ Мэн» есімді тұлпары;

3-орын Алдияр Ердосұлы — «Алғыр» есімді тұлпары;

4-орын Мұратхан Арнат — «Бәйтерек» есімді тұлпары;

5-орын Нұрәлі Айтқабыл — «Томирис» есімді тұлпары;

«Ұлы аламан бәйге» 35 шақырым:

1-орын Абдыкал Асланбек — «Шағала» есімді тұлпары;

2-орын Абзал Тұрғанбек — «Айсуат» есімді тұлпары;

3-орын Исламнұр Ертөс — «Ақжүрек» есімді тұлпары;

4-орын Алдаберген Алмаз — «Талисман» есімді тұлпары;

5-орын Бақжан Айдаралы — «Сарыарқа» есімді тұлпары.

Айта кетейік, жарыс ұйымдастырушылары 4 және 5-орын алған шабандоздарды да ақшалай сыйлықпен марапаттады.

Еліміздің үздік спортшылары ат спортының барлық жанкүйерлеріне бәсекелестік рух пен адал күрес атмосферасын көрсетті. Көрермендерге арнап жүлде қоры 2 000 000 теңгені құрайтын "Ұлттық киім - ұлт ажары" ұлттық костюмдер байқауы мен жалпы сомасы 3 000 000

теңгені құрайтын OLIMPBET атынан сыйлықтардың ұтыс ойыны өтті.

«Ұлттық киім - ұлт ажары» ұлттық костюмдер байқауының жеңімпаздары:

1-орын Бақытгүл Пардаева;

2-орын Айжан Серікбай;

3-орын Расул Социал;

4-орын Арайлым Сулемен.

Алматы қаласындағы бәйгеден чемпионат Ұлттық спорт қауымдастығының қолдауымен өтті. Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына 9 (Бәйге, Көкпар, Аударыспақ, Жамбы ату, Теңге ілу, Құсбегілік, Дәстүрлі садақ ату, Асық ату, Тоғызқұмалақ) спорт федерациялары кіреді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама