Шешуші кезеңде қазақстандық шахматшы қыздар Өзбекстанды жеңіп, жүлдеге ілікті
Шахматшы қыздар шешуші 9-турда Өзбекстанды 3:1 есебімен жеңіп, қола жүлде еншіледі
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында шахматтан командалық бәсекеде Қазақстан әйелдер құрамасы қола медаль еншіледі, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Шахматшы қыздар шешуші 9-турда Өзбекстанды 3:1 есебімен жеңіп, қола жүлде еншіледі. Құрама сапында Меруерт Камалиденова, Алуа Нұрманова, Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова өнер көрсетті.
1).Қытай — 17 ұпай (8 жеңіс, 1 тең)
2).Үндістан — 15 ұпай (7 жеңіс, 1 тең, 1 жеңіліс)
3).Қазақстан — 13 ұпай (6 жеңіс, 1 тең, 2 жеңіліс)
9 турдың қорытындысы бойынша қыздардың көрсеткіші:
Динара Садуақасова — 5 жеңіс, 3 тең;
Жансая Әбдімәлік — 3 жеңіс, 5 тең;
Бибісара Асаубаева — 4 жеңіс, 2 тең, 1 жеңіліс;
Меруерт Камалиденова — 6 жеңіс, 3 жеңіліс;
Алуа Нұрманова — 3 жеңіс, 1 жеңіліс.
Бұл ақпараттың жарық көруіне қолдау жасаған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ.