Сүйінші! Қазақстан құрамасында оныншы алтын!
Бірінші орынды қазақстандық каратэші жеңіп алды
Қазақстандық каратэші Софья Берульцева Қытайда өтіп жатқан Азияда ойындарында отандық құрамаға оныншы алтынды алып берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Бұған дейін Токио олимпиадасының қола жүлдегері, Азия чемпионы атанып үлгерген қазақстандық спортшы 68 келіден жоғары салмақта финалда непалдық Арика Гурунгпен сынға түсті. Софья 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Софья Берульцева Қазақстан қоржынына 10-ыншы алтын жүлдені салды.
Еске сала кетсек, бұған дейін көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанғанын хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ Анастасия Ананьева да күміс жүлдеге ие болған еді.