Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Динара Амантай

Ұлттық құрама сапында Астана қаласының үздік гимнасшыларының бірі Эрика Жайлауова өнер көрсетті

Фото: olimpic.kz/Sabirov Sali

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарының командалық көпсайыс бәсекесінде Қазақстан құрамасы күміс медальға ие болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Эльжана Таниева, Эрика Жайлауова және Милана Парфилова бастаған ұлттық құраманың үштігі 4 жаттығудан кейін 317.100 ұпаймен екінші орынға табан тіреді.

Айта кетсек, ұлттық құрама сапында Астана қаласының үздік гимнасшыларының бірі Эрика Жайлауова өнер көрсетті.

Енді жекелей бағдарламадағы үздіктер белгілі болады. Медаль жолында барлығы 23 таңдаулы атлет бақ сынайды.