Азия ойындары: Анастасия Ананьева күміс жүлдеге ие болды

Динара Амантай

Ел құрамасы қазірге дейін 69 медаль еншілеп үлгерді

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан қазақстандық Анастасия Ананьева Азия ойындарында слаломда ескек есуден күміс медальға ие болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Анастасияның көрсеткіші – 119.29 . Осылайша қазақстандық спортшы екінші орынға қол жеткізді.

Бірінші орынды қытайлық Цзюань Хуан (107.71) иеленсе, қола медаль жапониялық Харуки Окадзакиге (119.59) бұйырды.

Айта кетсек, слаломда ескек есуден ел құрамасы қоржынына екі қола медаль түскен еді.

Медальдар кестесінде ел құрамасы қазірге дейін 69 медаль еншілеп үлгерді. Олардың 9-ы алтын, 19-ы күміс және 41-і қола.