Halyq Uni логотип
×

Қостанай облысында іздеуде жүрген шетелдік ұсталды

Ол көші-қон қызметіне өз жүгінген

 Динара Амантай 07.10.2023 | 09:05
Қостанай облысында іздеуде жүрген шетелдік ұсталды
Фото: polisia.kz

Қостанай облысында есірткі таратты деген күдікке ілінген іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 5 қазанда «Заңсыз келуші – 2023» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде көші-қон қызметінің қызметкерлері криминалдық полиция қызметкерлерімен бірлесіп, Өзбекстан Республикасының құқық қорғау органдарымен іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын анықтаған. Бұл жағдайды полиция қызметкерлері осы азаматтың көші-қон қызметіне мемлекеттік қызметтерді алу мәселесі бойынша жүгінген кезінде анықтады. Іздеуде жүрген адам ұсталды.

Қостанай облысының ПД «Заңсыз – келуші 2023» операциясының төрт күнінде полицейлер көші-қон заңнамасын бұзудың 100-ден астам дерегін анықтағанын хабарлады. 16 шетелдік азамат елге 5 жыл бойы кіре алмайды. Қазақстандық азаматтардың шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартуының 12 фактісі анықталды. Қазақстан Республикасының 70-тен астам азаматы тиісті орынға шетелдік азаматтардың келгені туралы уақытылы хабарламағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама