Мемлекет басшысына Қордың биылғы 8 айда атқарған жұмысының қорытындысы баяндалды
Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі
Мемлекет басшысына Қордың биылғы 8 айда атқарған жұмысының қорытындысы баяндалды.
Нұрлан Жақыпов «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының өндірістік және қаржылық көрсеткіштері, сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша күтілетін нәтижелерін таныстырды. Сондай-ақ Қорға қарасты компаниялар тобының маңызды жобаларын іске асыру барысы жөнінде мәлімет берді.
Атап айтқанда:
Еліміздің Бірыңғай электрэнергетикалық жүйесіне қарасты батыс аймағындағы электр желілерін күшейту жобаларын аяқтау жоспарланып отыр.
Бұған қоса, төраға мемлекет басшысына Қор активтерін жекешелендіру жоспарының іске асырылу барысы жөнінде мәлімет берді.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев инвестициялық жобаларды іске асыру, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» қорына қарасты бейінді емес активтерді жекешелендіру және компанияларға халықтық IPO өткізу жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.