Анкарада болған жарылыстан кейін Түркия аумағында терроризмге қарсы операция басталды
Түркияның ұлттық барлау бөлімшелері Күрд жұмысшы партиясының Сириядағы әскери нысандарына соққы берді.
Операция барысында қарулы топтың қару-жарақ, оқ-дәрі қоймасы, шабуыл және диверсия бөлімшелері орналасқан ғимараттары жойылған.
Түркия билігі Сирия мен Ирактағы күрд ұйымдарының инфрақұрылымы мен энергетикалық нысандарына соққы беру заңды деп мәлімдеді.
1 қазанда Анкарада болған жарылыстан кейін Түркия аумағында терроризмге қарсы операция басталды. Оған 13 мың қауіпсіздік қызметкері жұмылған.