Halyq Uni логотип
×

Түркия Сириядағы әскери нысандарды бомбалап тастады

Анкарада болған жарылыстан кейін Түркия аумағында терроризмге қарсы операция басталды

 Еркеғали Болатұлы 06.10.2023 | 16:00
Түркия Сириядағы әскери нысандарды бомбалап тастады
фото: Зеркало недели

Түркияның ұлттық барлау бөлімшелері Күрд жұмысшы партиясының Сириядағы әскери нысандарына соққы берді.

Операция барысында қарулы топтың қару-жарақ, оқ-дәрі қоймасы, шабуыл және диверсия бөлімшелері орналасқан ғимараттары жойылған.

Түркия билігі Сирия мен Ирактағы күрд ұйымдарының инфрақұрылымы мен энергетикалық нысандарына соққы беру заңды деп мәлімдеді.

1 қазанда Анкарада болған жарылыстан кейін Түркия аумағында терроризмге қарсы операция басталды. Оған 13 мың қауіпсіздік қызметкері жұмылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама