×

Футуролог экономикасы мұнайға тәуелді Қазақстанға кеңесін айтты

Мемлекет өзгеріске дайын болуға тиіс

 Дәурен Ерболат 06.10.2023 | 15:48
фото: Halyq Uni/Жансерік Күзембай

Танымал футуролог Герд Леонгард экономикасы мұнайға тәуелді Қазақстанға кеңес берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның пікірінше, 10 жылдан кейін әлем тез өзгере бастайды.

Қазақстан үшін пайдалы қазбалардан, атап айтқанда, мұнай мен газ өндіруден бас тарту маңызды оқиға болады деп ойлаймын. Сондықтан біз тек пайдаға ғана емес, (адамдарды) оқытуға да назар аударуымыз керек. Себебі 30-жылдардағы мұнай-газ секторының даму тарихын оқыңызшы. Бұл уақытта қоршаған ортаға «қылмыс» жасалғандай болды, - деді сарапшы Nobel Fest фестивалінде.

Бұл ретте Герд Леонгард адами капиталды дамыту маңызды екенін атап өтті.

Біз қалай бейімделеміз? Бұл дәстүрлі экономикадан өзгешелеу болады. Соңғы 50 жылда көптеген өзгерісті бастан өткердік. Қазір компаниялар пайда тауып қана қоймай, өз қызметкерлеріне де қамқорлық жасайтын болды, - деді футуролог. 

Бұған дейін Герд Леонгард болашақта қандай мамандар жұмыссыз қалуы мүмкін екенін айтқан еді.

Айта кетейік, Астанада Nobel Fest фестивалі өтіп жатыр. Ол – Нобель сыйлығының лауреаттарымен, көрнекті ғалымдармен және сарапшылармен пікір және білім алмасуға арналған бірегей платформа. Фестивальдің басты мақсаты – жаһандық білім мен ғылымды әлемнің кез келген бұрышына қолжетімді ету. Білім, ғылым және инновацияларды дамыту бойынша Нобель фестивалінің миссиясын отандық және халықаралық ұйымдар, оның ішінде фестивальдің бас серіктесі – Қазақстанның ең ірі қоғамдық қорларының бірі Altyn Qyran Foundation қолдап отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама