Пойыз құрастырушылары үшін заманауи жылжымалы үйлер сатып алынды

Динара Амантай

Үйлер жиналған түрінде тасымалдана алады

Фото: "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

Астана станциясы қызметкерлерінің еңбек жағдайлары мен өндірістік тұрмысын жақсарту үшін 5 мобильді пункт сатып алынды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, пойыздарды құрастырушыларға арналған алғашқы жылжымалы үй сұрыптау паркінде орнатылған. Жыл соңына дейін тағы 4 жылжымалы ғимарат жеткізіледі. Олар 60-жылдары салынған стационарлық пункттерді алмастырады.

Пункттің орнатылуын «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас инженері Марлен Көкірекбаев тексерді.

Заманауи модульдік ғимараттар қажетті жабдықтармен және пойыз құрастырушыларының ыңғайлы жұмысы мен демалысы үшін толық жабдықталған. Жылжымалы үйде жұмыс және тамақтану аймақтары бөлінген. Ғимараттың қабырғалары оқшауланған, қасбеті қапталған, пластикалық терезелер орнатылған. Парктік дауыс зорайтқышы орнатылған. Тұрмыстық техникадан тоңазытқыш, микротолқынды пеш, ауа баптағыш және қажетті жиһаз бар. Бөлменің ауданы – 14 шаршы метр. Үйлер жиналған түрінде тасымалдана алады. Бұл үшін арнайы рұқсат алудың немесе кез келген шарттарды орындаудың қажеті жоқ.

Пойыздар құрастырушысы құруға және таратуға жауапты. Олардың жұмысы күрделі. Олар кез келген ауа райында, тәуліктің кез келген уақытында жұмыс істейді, сондықтан олар жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай жасау маңызды, - деп атап өтті станция бастығы Ерлан Рақымжанов.

Астана станциясында 60 құрастырушы, 12 сағаттық ауысымда 9 маманнан жұмыс істейді. Станцияда тәулік сайын 30 пойыз құрастырылады, 160 құрамға дейін қабылданып, жөнелтіледі және өткізіледі.

Ақмола бөлімшесінде жұмысшылардың еңбек жағдайларын жақсарту, жарақаттанудың алдын алу, жеке қауіпсіздік ережелерін сақтау, арнайы киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыс үй-жайларының санитарлық-тұрмыстық жағдайларын жақсарту бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Осы шаралардың барлығы теміржолшылардың еңбек жағдайларын жақсартып қана қоймай, оларды қауіпсіз етуге мүмкіндік береді. Адамдарға қамқорлық әрқашан бірінші орында, - деп атап өтті бөлімшенің бас инженері Сайран Баржақсин.