Президент 2019 жылғы мұғалімдердің тамыз конференциясында берген тапсырмаларының қаншалықты орындалғаны жөнінде баяндады
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздармен кездесіп, республикалық педагогтер съезінде баяндама жасады.
Президент 2019 жылғы мұғалімдердің тамыз конференциясында берген тапсырмаларының қаншалықты орындалғаны жөнінде баяндады.
«Менің бастамаммен 2019 жылы «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы қабылданды.Соңғы 4 жылда ұстаздардың жалақысы 2 есе өсті. Ұстаздардың еңбек демалысы ұзартылды (56 күнге дейін). Мұғалімнің міндетіне кірмейтін артық жұмыстың бәрі алынып тасталды», - деді Президент республикалық педагогтер съезінде.