Қазпошта Астанада өзінің ірі логистикалық орталығын ашты
«Қазпошта» АҚ 2023 жылдың тамыз айында электрондық сауда операторы мәртебесін алды, бұл компанияның e-commerce саласында өз әлеуетін арттыруға қосымша мүмкіндік бермек
«Қазпошта» АҚ жаңа логистикалық орталығы - Орталық Азиядағы ең ірі логистикалық орталық. Аумағы 10000 шаршы метрді құрайтын бұл көпфункционалды кешен электронды коммерция тауарларын қабылдау, өңдеу, сұрыптау, сақтау және жеткізуге арналған. Ол интернет-дүкендер үшін логистикалық қызметтердің кең спектрін ұсынады және жылына алты миллионнан астам сәлемдемені өңдеуге қабілетті. Оның елордалық сауда-логистикалық кластерде орналасуы - республикалық трассаға ыңғайлы қолжетімділікті, сондай-ақ қажет болған жағдайда фулфилмент орталығының алаңын 12 000 шаршы метрге дейін кеңейту мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Орталықтың ашылу салтанатында Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин, бүгінде Қазақстан аумағында Ozon фулфилмент-орталықтары жұмыс істейтінін, сондай-ақ Widberries логистикалық орталықтарының құрылысына арналған учаскелер бекітілгенін атап өтті. Тұтынушылар үшін, бұл ең алдымен, ассортименттің және баға саясатының тұрақты болуымен тиімді болмақ. Қазпошта үшін логистикалық орталықты іске қосу оны дамыту, интернет-сауданың логистикалық делдалынан интернет-компаниялардың негізгі серіктесіне айналуы үшін маңызды оқиға болып отыр. Аталған іс-шаралардың барлығы Қазақстанның көліктік-логистикалық әлеуетін дамытуға оң әсер етеді.
«Қазпошта» АҚ өндірістік қуатты кеңейтуге және жақсартуға ұмтылады. Қойма жұмысының негізгі бағыттарына толықтыру және өндірістік процестер үшін пайдаланылатын аумақтарды ұлғайту, тауарлар ассортиментін кеңейту, сондай-ақ тауарларды сақтау және өңдеу үшін орын тапшылығы мәселесін шешу кіреді»,- деді «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Әсел Жанасова.
Қазіргі таңда Қазақстан Орталық Азия елдері арасында е-коммерция саласы бойынша көшбасшы орынға ие. Ғаламдық интернет-алаңдарда Alibaba.com және JD.com ұлттық павильондары жұмыс істейді, бүгіннің өзінде олардың жиынтық сатылымы 300 миллион доллардан асты.
Қазақстандағы электрондық сауда көлемі 2022 жылдың қорытындысы бойынша 2 трлн теңгеге жетті, ал бөлшек сауданың жалпы көлемінде электрондық сауданың үлесі 12,5%-ды құрады.
«Қазпошта» АҚ 2023 жылдың тамыз айында электрондық сауда операторы мәртебесін алды, бұл компанияның e-commerce саласында өз әлеуетін арттыруға қосымша мүмкіндік бермек.