Halyq Uni логотип
×

Шиелідегі 6 елді мекенге газ желілері жүргізіледі

Шиелі ауданына қарасты 6 елді мекенге республикалық бюджеттен 1 млрд 531 млн теңге бөлініп, газ желілері жүргізілетін болады

 Халық үні 05.10.2023 | 18:15
Шиелідегі 6 елді мекенге газ желілері жүргізіледі
Фото: Қызылорда облысы әкім

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жіті  назар аударып отырған  басым бағыттарының бірі – ел тұрғындарын көгілдір отынмен  қамтамасыз ету. Осыған байланысты қазір ауданның негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің орындалуы тұрақты бақылауда.

Биыл облыс әкімі Н.Нәлібаевтың қолдауымен Шиелі ауданына қарасты 6 елді мекенге республикалық бюджеттен 1 млрд 531 млн теңге бөлініп, газ желілері жүргізілетін болады. Бұл елді мекендер толықтай газға қосылған жағдайда ауданның 78 пайызы көгілдір отынмен қамтылмақ.

«Аудан бойынша Шиелі кенті және Ы. Жақаев, Бидайкөл, Байсын, Н.Бекежанов, Ш.Қодаманов, Ақмая, Алғабас ауылдары толық көгілдір отынға қосылған. Осыған сәйкес, аудан халқының 68 пайызы көгілдір отынмен қамтылып отыр. Ендігі кезекте Еңбекші, Жиделіарық, Алмалы, Ә.Тәжібаев, Досбол Датқа, Бестам ауылдарына газ құбырын тарту жүргізілуде.

Газдың келуі халықты пеш жағу тауқыметінен арылтып қана қоймасы анық. Экологиялық ахуалдың жақсаратынын айтпағанның өзінде ол аймақ экономикасының қарқынды дамуына пәрмен берері сөзсіз.  Өңірімізге бюджеттен бөлінетін қыруар қаржының арқасында келген газдың игілігінен құр қалмай, әр тұрғынның үйінде көгілдір отынның жанғаны екіжақты тиімді. Көгілдір отын – ел өміріне береке, табыс, шуақ алып келеді. Елдің әлеуметтік, экономикалық жағдайына да үлкен серпін береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама