Екі ел басшылары трансшекаралық су көздерін пайдалану мәселесін талқылады
Мемлекет басшысы Тәжікстан президентімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды туған күнімен құттықтап, бауырлас Тәжікстанды дамыту жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс пен бақ-береке тіледі. Сондай-ақ екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға Тәжікстан президентінің қосқан жеке үлесі туралы жоғары пікір білдірді.
Тараптар Қасым-Жомарт Тоқаевтың Душанбеге және Эмомали Рахмонның Астанаға жасаған сапарларының қорытындыларын оң бағалады. Бұл сапарлар қазақ-тәжік қарым-қатынастарының ерекше сипатқа ие екенін көрсетті.
Бұдан бөлек, президенттер өңірлік күн тәртібін, сондай-ақ трансшекаралық су көздерін пайдалану және сауда-экономикалық ықпалдастық мәселелері жөніндегі уағдаластықтардың іске асырылу барысын талқылады.