Halyq Uni логотип
×

Мұғалімдердің 23 пайызында ғана жоғары біліктілік санаты бар – Тоқаев

Бүгінде елімізде 5 мың педагог жетіспейді

 Динара Амантай 05.10.2023 | 12:30
Мұғалімдердің 23 пайызында ғана жоғары біліктілік санаты бар – Тоқаев
Фото: Halyq Uni

Мұғалімдердің 23 пайызында ғана жоғары біліктілік санаты бар. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Педагогтер съезінде айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ұстаздардың біліктілігін арттыруымыз керек. Мағжан Жұмабаев «Алты Алаштың баласы бас қосса, төр – мұғалімдікі» деген. Халқымыз келешектің кілті – білімде екенін терең түсінген. Сол себепті, ұстазды ерекше қадірлеген. Педагог – ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру үдерісіндегі ең маңызды буын. Сондықтан білім беру жүйесін жоғары білікті мамандармен толық қамтамасыз ету өте маңызды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент қазір мектептерімізде мамандар тапшы екендігіне де назар аударды.

Бүгінде елімізде 5 мың педагог жетіспейді. Бұл көрсеткіш жылдан-жылға артып келеді. Ал педагогика саласында оқыған әрбір бесінші түлек өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Бұған қоса мұғалімдердің 23 пайызында ғана жоғары біліктілік санаты бар. Мұның бәрі педагогтерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру тәсілдерін түбегейлі өзгертуді қажет етеді. Жоғары оқу орындарындағы педагогикалық мамандықтарға қатысты бағдарламалардың басым бөлігі заман талабын ескермейтін бұрынғы әдістемелерге негізделген, – деді ол.

Мемлекет басшысы заманауи тәсілдер мен технологияны енгізе отырып, оқу бағдарламаларын қайта қарау, жаңғырту қажеттігін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама