×

Текелідегі лай көшкіні: Зардап шеккендерге баспана беріледі

Кеше бес жасар қыз табиғи апаттан мерт болды

 Қымбат Елтайқызы 16.05.2022 | 10:30
фото: Қанат Бозымбаевтың жеке парағы

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Текеліде лай көшкіні кезінде көз жұмған қыздың отбасына көңіл айтып, зардап шеккендерге қолдау көрсетуге уәде берді.

«Текеліде лай көшкіні жүрді. Бірнеше жекеменшік тұрғын үй бүлінді. Өкінішке орай, 2016 жылы туған қыз бала қайтыс болды. Жедел қызметтер өз жұмыстарын жүргізіп жатыр. Зардап шеккендерге баспана беріліп, көмек көрсетіледі. Марқұмның жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Жаны жәннатта болсын!», – деп жазды Бозымбаев әлеуметтік желідегі парағында.

15 мамыр күні сағат 12:00-де Текелі қаласында топырақтың артық ылғалдануынан тау баурайының етегінде орналасқан тұрғын үйлер лай көшкінінен зардап шекті. Көшкін кезінде зақым келген үйлердің бірінде бес жасар қыз қаза тапты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама