×

Шымкентте халықаралық іздеудегі теріс діни ағым өкілі ұсталды

Оны өз еліне экстрадициялау жұмыстары жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 05.10.2023 | 11:14
Фото: polisia.kz

Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында көрші елдің 32 жастағы азаматын ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Өзбекстан Республикасында ірі көлемде ұрлық жасап, тергеу мен соттан қашып жүрген ер адам қала аумағындағы көшелердің бірінде қолға түскен.

Қабылданған шұғыл шаралардың нәтижесінде Шымкент қаласының полицейлері халықаралық іздеудегі күдіктіні 2 ай ішінде іздеп тапты. Тәртіп сақшылары оның ел аумағында заңсыз жүргенін және теріс діни ағымды ұстанушылардың қатарынан екенін анықтады.

Қазір шетелдік қамауға алынды. Оны Өзбекстан Республикасына экстрадициялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама