Қарғызстандық қылмыстық авторитет Қамшы Көлбаев қаза тапты
Атыс кезінде Қамшы Көлбаев қарсылық көрсетіп, ҰҚК арнайы жасағының күшімен көзі жойылды
Қырғызстанда атышулы қылмыстық авторитет Қамшы Көлбаевты (Қамшыбек Асанбек) ұстауға бағытталған арнайы операция аяқталды. Оның барысында қаза тапқандардың мәйіті мәйітханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бішкектегі республикалық патологоанатомия бюросы ғимаратына полицияның сүйемелдеуімен жедел жәрдем көлігі кірді.
Олар арнайы операция кезінде қаза тапқан Қамшы Көлбаевтың денесін әкелгені хабарланды. Кейін мәйітхана аумағына тағы бір жедел жәрдем көлігі кірді. Кім әкелінгені туралы мәлімет жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін бұл аумақты полиция қоршауға алған болатын.
Ғимараттан бөгде адамдардың бәрі шығарылды. Оқиға орнында құқық қорғау органдары мен барлау қызметкерлері жүр.
Еске сала кетейік, бүгін қылмыстық топтың басшысын ұстау бойынша арнайы операция жүргізілген болатын.
Атыс кезінде Қамшы Көлбаев қарсылық көрсетіп, ҰҚК арнайы жасағының күшімен көзі жойылды.
Бұған дейін БАҚ-та Ибраимов пен Құлатов көшелерінің қиылысы аймағында Blonder Pub мекемесінің жанында (көлеңкелі қожайыны Қамшы Көлбаев делінеді) атыс дыбыстары естіліп, арнайы операция жүріп жатқаны туралы ақпарат тараған болатын.
Оқиға орнында арнайы жасақ сарбаздары бой көрсеткен.