Бүкіл қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр
Алматы облысында бір үйдің екі кішкентай қызын зорлады деген күдікке ілінген 40 жастағы ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
ПД-ның мәліметінше, тергеу барысында күдіктінің қыздың әпкесін де зорлауға қатысы бар екені анықталды.
Күдіктінің әйелі де қамауға алынды. Сараптамалық тексерулер тағайындалып, бүкіл қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Істі тергеу облыс полиция департаменті бастығының ерекше бақылауында, - деп хабарлады ведомстводан.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесін сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етуге жатпайды.
Тұрғындардың айтуынша, күдікті қыздардың анасын да, нағашы әжесін де қорқытып ұстаған, сол себепті олар полицияға айтпаған.