×

Шымкентте шетелдік 18 азамат елден шығарылды

«Заңсыз келуші – 2023» ЖПІШ 8 қазанға дейін жалғасады

 Динара Амантай 04.10.2023 | 15:07
Фото: polisia.kz

Шымкентте көші-қон заңнамасын бұзған шетелдік 18 азамат елден шығарылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, «Заңсыз келуші – 2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында мегаполис аумағында күшейтілген режимде рейд жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көші-қон қызметінің тәртіп сақшылары құрылыс алаңдарына, шаруашылықтар мен қожалықтарға, базар маңына, темір жол вокзалы мен әуежай аумағына шолу жасап жатыр. Екі күн бойы атқарылған жұмыс нәтижесінде ел аумағында болу ережесін бұзған 391 шетелдік азамат анықталды. Оның ішінде Абай аудандық ПБ-ның қызметкерлерімен 40-қа жуық өзбекстандық полиция басқармасына жеткізіліп, заң жүзінде жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ жеке басын анықтайтын құжаттары жоқ 141 азамат қабылдап-тарату орталығына орналастырылып, көші-қон заңнамасын бұзған 18 адам республика аумағынан аластатылды. Бұған қоса, полиция қызметкерлерінің көмегімен халықаралық іздеуде жүрген екі шетел азаматы ұсталып, экстрадициялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 Айта кетсек, «Заңсыз келуші – 2023» ЖПІШ 8 қазанға дейін жалғасады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама