Қостанай облысында малға қасқыр шаба бастады (ВИДЕО)
Жыланды маңында жайылып жүрген қойға үш рет шапқан
Қостанай облысы Қосарал ауылдық округінің аумағында малға қасқыр шапты. Бұл туралы тұрғындар әлеуметтік желіде хабарлады, деп жазды Alau.kz.
Түз тағысы дәл ауыл іргесінде жайылып жүрген төрт түлікті алқымдап кетіп жатыр. Мұндай жағдай бірнеше рет қайталанған. Ит-құсты шекарашылар видеоға түсіріп алған.
Қасқырлар бір апта бұрын Жыланды ауылының маңындағы орманда көзге түскен. Бұған дейін орманшылар жыртқыштарды Байкино жақтан көргенін айтқан, енді олар бізге де жетті. Жыланды маңында жайылып жүрген қойға үш рет шапты, - дейді «Усаковское УЛХ» КММ басшысының орынбасары М. Бекентаев.
Жергілікті билік үйірлі қасқырдың пайда болуына байланысты көпшілікті орманға бармауға шақырды.