Салық органының басқа да актілерінің заңдылығын тексеру жалғасып жатыр
Ақтөбе облысы прокуратурасының мәліметінше, талдау нәтижеcінде мемлекеттік кірістер органдарымен биыл камералдық бақылау нәтижелері бойынша 20 кәсіпкерге негізсіз хабарламалар жіберіліп, олардың шоттарының бұғатталғаны анықталған.
Хабарламалардың заңдылығын зерделеумен прокуратура оларды негізсіз деп танып, қадағалау актісін енгізді. Нәтижесінде салық органының шешімдері жойылып, кінәлілер жауапқа тартылды, ал кәсіпкерлер өз қызметіне қайта кірісті, – делінген прокуратура хабарламасында.
Салық органының басқа да актілерінің заңдылығын тексеру жалғасып жатыр.