Halyq Uni логотип
×

Жастардың 4,5 мыңнан астам жобасына жеңілдетілген микронесие берілетін болды

Өтінімдердің ең көбі Түркістан облысынан түскен

 Динара Амантай 04.10.2023 | 09:46
Жастардың 4,5 мыңнан астам жобасына жеңілдетілген микронесие берілетін болды
Фото: Halyq Uni

Жастардың 4,5 мыңнан астам жобасына жеңілдетілген микронесие берілетін болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, биылғы 1 қазандағы жағдай бойынша «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ-ға кәсіпкерлік бастамаларды іске асыру үшін жастарға берілетін жылдық мөлшерлемесі 2,5%-дық жеңілдетілген микронесиелер алуға 6,7 мың өтінім түскен. Осы жылы жалпы 5 мың 796 микронесие беру жоспарланған. Қазірдің өзінде 4 мың 502 жоба мақұлданды.

Микронесиенің мөлшері – 5 млн теңгеге дейін, ал қатысудың ең ұзақ мерзімі – 5 жылға (кез келген мақсатқа) немесе 7 жылға дейін (мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін). Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5%-дан аспайды.

Микронесие алуға өтінімдердің ең көбі Түркістан (910), Жамбыл (651), Қызылорда (565), Батыс Қазақстан (437), Қарағанды (426) облыстарынан және Шымкент қаласынан (409) түсті.

Конкурстық комиссиялардың шешімімен 4 мың 502 жоба мақұлданды. Оның ішінде 3 мың 914 жобаны іске асыруға несие берілді. Несие алушылардың басым көпшілігі мал шаруашылығы, қызмет көрсету, сауда, өсімдік шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп саласын қамтыды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама