Түнде Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында 1-3 градус үсік, Қостанай облысының оңтүстік-шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі
«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 4 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Қазақстанның басым аумағына антициклон жотасы әсер етеді, содан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Елдің батысында, солтүстік-батысында, шығысында атмосфералық фронттардың өтуімен жаңбыр жауады, шығысында жауын – шашын (жаңбыр, қар) болады. Республика бойынша тұман, елдің солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында – екпінді жел күтіледі.
Түнде Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында 1-3 градус үсік, Қостанай облысының оңтүстік-шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.
Түркістан, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталуда.
Жамбыл облысында, Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.