Шетелдік туристер Астана мен Алматыдан басқа қайда барады?
Миллионыншы шетелдік турист eQonaq ақпарат жүйесінде тіркелді
Биыл Қазақстанға 1 миллион шетелдік турист келген, деп хабарлады Kazakh Tourism ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.
Миллионыншы шетелдік турист eQonaq ақпарат жүйесінде тіркелді. Ол Қытайдан Алматыға 4 күнге келіп, қонақ үйге тоқтаған, - деп жазылған хабарламада.
2023 жылы Ресей мен Өзбекстаннан елімізге туристер көп келген. Келген туристердің саны бойынша Қытай үшінші орында (70 мыңнан аса адам) тұр. Үздік ондыққа Үндістан, Қырғызстан, Түркия, Тәжікстан, Германия, Моңғолия және АҚШ енді.
Шетелдік қонақтардың басым бөлігі Алматыға (343 мың турист), Астанаға (174 мың турист) келген. Сондай-ақ үздік бестікке Алматы облысы (62 мың турист), Атырау облысы (58 мың турист) және Маңғыстау облысы (52 мың турист) енді.
Айта кетейік, eQonaq ақпарат жүйесі Туризм және спорт, Ішкі істер министрліктерімен және Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп әзірленген. Ол шетелдік туристерді есепке алу, көші-қонды бақылау міндетін де орындайды.