×

«Тарихта болмаған ойын»: Қазақстан құрамасы Даниядан оңбай ұтылды

Қазақстан құрамасының қақпашысы Андрей Шутов хоккеймен біржолата қош айтысты

 Дастан Жұмабекұлы 15.05.2022 | 17:11
фото: ашық дереккөз

Финляндиядан хоккейден кезекті әлем чемпионаты басталды. «А» тобында өнер көрсететін Қазақстан құрама командасы алғашқы ойынын өткізіп, Дания командасынан оңбай жеңілді. Есеп – 1:9.

Кездесуде Қазақстан хоккейшілерінің арасында Кирилл Савицкий ғана көзге түсті. Ол даттардың қақпасына жалғыз шайбаны салды. Ал Дания жасағында  Патрик Бьёркстранд, Фелиск Шель, Фредерик Сторм, Юлиан Якобсен, Оливер Ларсен, Петер Региндер гол соқса, Йофхим Блихфельд үш шайба салып, хет-триктің авторы атанды. Осылайша, даттар отандастарымыздың қақпасын шайбамен толтырып тастады. Ал Қазақстан құрамасының қақпашысы Андрей Шутов хоккеймен біржолата қош айтысты. Ол астананың «Барыс» клубында алты-ақ ойын ойнаған.

Әлеуметтік желіде Даниядан жеңіліске көпшілік тарихта болмаған ойын деп баға беріп жатыр.

Бүгін кешке бас жаттықтырушы Юрий Михайлис өзі таңдап апарған ұлттық құрамамыз айдында Франция командасымен кездеседі.

Одан кейін еліміздің басты командасы «А» тобында Канада, Германия, Швейцария, Словакия және Италия хоккейшілерімен күш сынасады.

Әлем чемпионаты 29 мамырға дейін болады. Қазақстан құрама командасының ойындары Qazsport арнасынан көрсетіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама