Данил Мусабаев ел құрамасындағы 10-шы күміс медальды жеңіп алды
3 қазан Қазақстан құрамасы үшін жүлделерден басталды
Батуттағы гимнастикадан ел намысын қорғаған қазақстандық спортшы Данил Мусабаев Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Данил Мусабаев батуттағы гимнастикадан ерлер арасындағы финалда 57.270 ұпай жинап, 2-орынға табан тіреді. Осылайша, қазақстандық гимнаст ел қоржынына 10-шы күміс жүлдені салды.
Айта кетейік, 3 қазан Қазақстан құрамасы үшін жүлделерден басталды. Алдымен тас жолдағы велоспорттан ел намысын қорғаған Рината Сұлтанова қола жүлдегер атанса, ағайынды Емельяновтар каноэде есуден жұптық сында күміс жүлдеге ие болды. Сондай-ақ Мария Бровкова да ел қоржынына медаль салды. Ол 200 метр қашықтыққа каноэде есуден жекелей сында үшінші (49.368 секунд) болып, Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды. Әйелдер арасында каноэде есуден жұптық сында Маргарита Торлопова мен Ульяна Киселева Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді.
Ең бастысы, бүгін тасжолдағы веложарыста сынға түскен ұлттық құраманың көшбасшысы Алексей Луценко топ жарып, Азиаданың алтын жүлдегері атанды.