Қала сыртындағы жолдарда жағдай қиын
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев елімізде көлік апаты жиі тіркелген өңірлерді атады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Оның айутынша, биыл көлік апаты 13%, жарақат алғандар 16% төмендеп, қаза тапқандар саны азайған.
Осылайша, 2 мыңға жуық адамның өмірі мен денсаулығын сақтап қалдық. Дегенмен жалпы апаттылықтың төмендеуіне қарамастан, Алматы қаласында, Алматы, Жамбыл, Түркістан және Жетісу облыстарында апаттылықтың деңгейі жоғары, - деді Марат Қожаев Үкімет отырысында.
Көлік апатына негізі себептің бірі – жолдар мен инфрақұрылымның жағдайы.
«Статистика бойынша елді мекендерге жол-көлік оқиғаларының 73%-ы келеді. Мұнда адам шығынымен болған апаттардың төрттен бір бөлігі жаяу жүргіншілерді қағып кетумен байланысты», - деді министр.
Ең көп үлес төмендегі өңірлерде тіркелген:
«Реттелмейтін өткелдерде зардабы ауыр көлік апаты 5 есе жиі болады. Елімізде тек 250 жерүсті (130) және жерасты (121) жаяу жүргіншілер өткелі бар. Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында олар мүлде жоқ», - деді басшы.
Бүгінде елімізге 1 мыңнан аса бағдаршам, 1,5 мың «кері санақ» таблосы, 25 мың жол белгісі керек.
Қала сыртындағы жолдарда да жағдай қиын болып тұр.
Оларға ауыр апаттардың көпшілігі және адам шығынымен болған жағдайлардың 50%-ы (1 468 адам) келеді. Бұл деңгей Ақмола (72%), Ақтөбе (69%); Алматы (68%), Атырау (64%), Жамбыл (63%), Солтүстік Қазақстан (61%), Жетісу облыстарында (60%) одан да жоғары, - деді Марат Қожаев.