Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда балаларды қорғау күніне орай біржолғы жәрдемақы төленетіні рас па?

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні

 Ербол Тұрымбет 15.05.2022 | 18:10
Қазақстанда балаларды қорғау күніне орай біржолғы жәрдемақы төленетіні рас па?
коллаж: Halyq Uni

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға Kaspi gold мобильді қосымшасындағы әлеуметтік шот арқылы біржолғы жәрдемақы төленетіні туралы ақпарат тарады. Алайда, Еңбек министрлігінің баспасөз қызметі желіде тараған хабарды жоққа шығарды.

Естеріңізге сала кетейік, Kaspi gold қосымшасында республикалық бюджеттен бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақыны ресімдеу бойынша мемлекеттік қызмет жүзеге асырылған. Бірінші, екінші, үшінші бала туғанда берілетін жәрдемақы мөлшері 116 394 теңгені (38 АЕК), төртінші және одан кейінгі балаға – 192 969 теңгені (63 АЕК) құрайды. 1 мамырдағы жағдай бойынша бұл жәрдемақыны 18,4 млрд теңге сомасына 134,1 мың адам алды.

Сондай-ақ жоғарыда көрсетілген қосымша арқылы азаматтар республикалық бюджеттен жұмыс істемейтін әйелдер үшін бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы ресімдей алады. Жәрдемақы мөлшері отбасындағы балалар санына байланысты. Биыл бірінші балаға ай сайын 17 643 теңге (5,76 АЕК), екінші балаға – 20 860 теңге (6,81 АЕК), үшінші балаға – 24 045 теңге (7,85 АЕК), төртінші және одан кейінгі балаға 27 261 теңге (8,90 АЕК) төленеді. 1 мамырдағы жағдай бойынша бұл жәрдемақыны орта есеппен 46,5 мың адам - 4,7 млрд теңге алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама