ХІХ Азиада: Қазақстан үздік ондықтан шығып қалды
Қазір медаль саны бойынша Қытай (147 алтын, 81 күміс және 42 қола) көш бастап тұр
Қытайда өткен Азия ойындарының кезекті қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы үздік ондыққа кірмей қалды.
Қазір еліміз медальдық есепте 12-орында тұр. Команданың қоржынында 38 медаль (4 алтын, 7 күміс және 27 қола) бар.
2 қазанда таңертең Қазақстан құрамасы каноэ бойынша ескек есуден 4-орынға ие болғаннан кейін 13-орыннан 10-орынға көтерілген еді. Тимофей Емьянов 1000 метр қашықтықта қола жүлдеге ие болды. Кирилл Тубаев та қола жүлде алды.
Мария Бровкова мен Руфина Искакова WC2 500 метрде байдарка мен каноэ бойынша ескек ескен әйелдер арасында екінші болды. Тағы бір қоланы батут гимнастикасының өкілі Виктория Бутолина жеңіп алды. 27-қоланы Қазақстанға 400 метрден төрт аралас эстафетадан жеңіл атлеттер әкелді.
Қазір медаль саны бойынша Қытай көш бастап тұр. Олардың қоржынында 270 жүлде (147 алтын, 81 күміс және 42 қола) бар. Екінші орында 122 медаль алған (33 алтын, 44 күміс, 45 қола) Жапония тұр. Ал Оңтүстік Корея 133 медальға (31 алтын, 69 күміс және 33 қола) ие болды.