Halyq Uni логотип
×

Елімізде кімдерге некеге тұруға рұқсат етілмейді

Бір жынысты адамдардың ерлі-зайыпты атануына рұқсат жоқ

 Халық үні 02.10.2023 | 22:35
Елімізде кімдерге некеге тұруға рұқсат етілмейді
Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасында кейбір адамдарға некеге тұруға (ерлі-зайыпты болуына) рұқсат етілмейді.

Отырар телеарнасына заңгер Венера Нұрғалиқызының айтуынша, Неке және отбасы туралы заңға сәйкес бірінші кезекте бір жынысты адамдардың ерлі-зайыпты атануына рұқсат жоқ.

Сонымен қатар некеге тұрушылардың біреуі болса да басқа тіркелген некеде (ерлі-зайыптылықта) тұратын адамдардың, бір-біріне жақын туыстардың, бала асырап алушылар мен асырап алынған балалардың, асырап алушылардың балалары мен асырап алынған балалардың некеге тұруына болмайды.

Бұдан өзге соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша олардың біреуі болса да психикалық ауруы немесе ақыл-есі кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың арасында некелесуге (ерлі-зайыпты болуға) жол берілмейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама