Азиада: Қазақстан қоржыны тағы бір медальмен толықты
Қазақстандық спортшылар 3:24.85 секундта жеткен
4×400 метрге эстафеталық жүгіру сайысында Қазақстан құрамасы Дмитрий Коблов, Александра Залюбовская, Давид Ефремов, Аделина Земс) Бахрейн мен Үндістаннан кейінгі 3-орынды иеленді, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігі.
Ведомство мәліметінше, жарыста Бахрейн спортшылары межені 3:14.02 секундта бағындырса, Үндістан желаяқтарының көрсеткіші — 3:14.34. Ал қазақстандық спортшылар 3:24.85 секундта жеткен.
Еске сала кетейік, 2018 жылы аралас эстафетадан отандастарымыз күміс жүлде алған болатын.