×

Президент мемлекет қайраткері Елеусін Сағындықовты қабылдады

Мемлекет басшысы еңбек ардагерімен елдің дамуы жөнінде пікір алмасты

 Динара Амантай 02.10.2023 | 17:30
Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұзақ жылдар бойы әртүрлі жоғары лауазымды мемлекеттік қызмет атқарған еңбек ардагері Елеусін Сағындықовпен кездесіп, елдің дамуы жөнінде пікір алмасты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Елеусін Сағындықов президенттің бастамасымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси-экономикалық реформаларға қолдау білдірді.

Сондай-ақ мемлекет басшысының биылғы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған негізгі міндеттерді іске асыруға, атап айтқанда өңірлердің дамуындағы басымдықтарды айқындауға, сондай-ақ жергілікті және орталық атқарушы органдардың жұмысын жетілдіруге қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама