Halyq Uni логотип
×

ТЖМ министрге ақша жинауға қатысты мәлімдеме жасады

Арызданушы жағымсыз себептермен жұмыстан шығарылған

 Динара Амантай 02.10.2023 | 10:22
ТЖМ министрге ақша жинауға қатысты мәлімдеме жасады
Фото: gov.kz

Төтенше жағдайлар министрлігі Зуялхан Гасановтың Түркістан облысының құтқарушыларынан Сырым Шәріпхановқа ақша жинау туралы мәлімдемесін жоққа шығарды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Министрлік бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын әрі бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану арқылы кезекті арандатуышылықты іске асыру екендігін мәлімдеді.

Бұған дейін Гасанов Зуялхан (2022 жылы) жала жапқаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартылған болатын. Айта кету керек, бұл азамат қазір азаматтық қорғау органдарының қызметкері емес. Өйткені биыл мамырда жағымсыз себептермен жұмыстан шығарылды. Ол бірнеше рет осындай мәселелер бойынша ТЖМ-ге жүгінген. Бірақ тексеру нәтижелері бойынша ол көрсеткен дәлелдер расталмады, – делінген хабарламада.

Осыған қарамастан, өтініште айтылған әрбір факті бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп қызметтік тергеу жүргізілетін болады.

ТЖМ-нің барлық жеке құрамына, атап айтқанда Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаментіне хабарлаймыз. Біздің министрліктің барлық қызметкерлері үшін WhatsApp мессенджерінде Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың тікелей телефон нөмірі + 7 747 651 75 88 жұмыс істейді. Ол бойынша жедел және шұғыл шешімдерді қажет ететін проблемалық мәселелермен жүгінуге болады. Өтініштің құпиялылығы сақталады, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама